Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! "Алғыс айтамын" акциясы аясында мектеп директорының құттықтауы.
Бұл – мейірім мен ризашылықтың, сыйластық пен татулықтың мерекесі. Бүгін біз бір-бірімізге жылы сөз айтып, қолдау білдіріп, жүректегі алғысымызды жеткізетін ерекше күнді атап өтеміз.
Мектебіміздің әрбір жетістігі – ұстаздардың табанды еңбегінің, оқушыларымыздың талап-жігерінің және ата-аналардың сенімі мен қолдауының нәтижесі. Сіздердің бірліктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Ізгі ниетпен,
Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы 
Все реакции:
Мендигуль Олжабаева и ещё 3





