15 мамыр күні «Казанка орта мектебі» КММ-де «Жас маман - жас қадам» аудандық жас педагогтар слеті өтті. Мектебімізден аталмыш слетке жас ұстаздарымыз қатысып, химия пәнінің мұғалімі – Қабден Қадырай Жалғасқызы «Химия сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында және бастауыш сынып мұғалімі – Жақиян Сабира Жылқыбайқызы «Жас маман: педагогикалық қызметімдегі шығармашылық және даму энергиясы» тақырыбында тәжірибе алмасып, арнайы сертификаттарға ие болды.






