5-желтоқсан күні Петропавл қаласында білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің ұйымдастыруымен "Кәсіподақ — болашаққа бағдар" атты жастар форумы өтті. Іс — шараға әр өңірден жас кәсіподақ мүшелері, белсенділері қатысты. Саумалкөл қазақ орта мектебінен аталмыш іс-шараға кәсіподақ мүшесі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Әбілмәжім Еділ Досымбекұлы қатысты. Форум барысында жас кәсіподақ мүшелері командалық ойындар ойнап, әлеуметтік сауалнама толтырып, конкурс барысындағы жеңімпаздар анықталды.
Еділ Досымбекұлы форумның ұстаздардың мүддесін қорғайтын, жаңалықтарға жол ашатыны жайлы, мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.





