Мектебімізде 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Сапта жүріп ән салу» іс-шарасы өтті. Шара барысында оқушылар саппен жүріп, біркелкі қимыл мен әсем әуенді үйлестіре отырып, патриоттық әндерді орындады.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ұйымшылдығын, тәртіптілігін арттыру, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту. Әр сынып өз дайындығын көрсетіп, саптық жүріс пен ән айтуда ерекше шеберлік танытты.





