Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді ұлтымыз үшін аса қастерлі — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылы ел тағдырына үлкен өзгеріс әкелген тарихи шешім қабылданып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Бұл — ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған күні.
Тәуелсіздік — біздің ең басты құндылығымыз. Осы қасиетті ұғымды сақтау, қадірлеу — әр азаматтың парызы.Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке, елге қызмет етуде табыс тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры - Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы





