65
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Саумалкөл қазақ орта мектебінде 18-қараша күні Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыста ерлік көрсеткені үшін батырларымыздың «Абырой, Ерлік, Құрмет» стендінің ресми ашылуы өтті.

Саумалкөл қазақ орта мектебінде 18-қараша күні Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыста ерлік көрсеткені үшін батырларымыздың «Абырой, Ерлік, Құрмет» стендінің ресми ашылуы өтті.
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 18-қараша күні Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыста ерлік көрсеткені үшін батырларымыздың «Абырой, Ерлік, Құрмет» стендінің ресми ашылуы өтті. 1990 жылдардағы күрделі кезеңдегі Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында қызмет еткен қазақстандық жауынгерлер Отан алдындағы антына адал болып, бейбіт өмірді қорғауда ерлік көрсеткен жерлестеріміз, қорғаушы-ардагерлер:
1.Есжанов Кахарман Еслямович-төраға;
2. Бейсекеев Ғани Есмағзамұлы-ардагер;
3.Медведев Владимир Вячеславович-ардагер;
4. Андриенко Виталий Михайлович - ардагер;
5.Оспанов Еркеш Придонович-ардагер;
6.Мажигулов Арман Бакытжанович-ардагер;
7. Гайер Тагир Леонидович - ардагер;
8.Аубакиров Арман Серикович-ардагер;
9.Турьянов Александр Маснович-ардагер;
10. Казбеков Тлеубай Негметжанович-ардагер;
11 Кашиков Кайрат Балахметович-ардагер.
Стенд-олардың қайсарлығын, жанқиярлығын және жас ұрпаққа үлгі болатын батырлық жолын құрметпен еске алуға арналған. Іс-шараға Республикалық қоғамдық бірлестігі, Ардагерлер одағы (Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдарға және әскери қақтығыста қатысушылар) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының ардагерлері Абдуалиев Оспан, Сапарұлы Серік, Сүлейменов Қайдар, аудандық тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыс ұйымының төрағасы - Есжанов Кахарман Еслямович,Айыртау аудандық қорғаныс бөлімі жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, капитан- Мурзатаев Ержан Дисембаевич қатысты. Іс-шара барысында Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры - Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы стенд ашылуының тек қана бұрыш емес, батырлық пен ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге, мәңгілік үлгі екендігін атап өтті. Жиын барысында ресми түрде стендтің ашылуы өтіп, патриоттық әндер шырқалып, бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларымыз шекара қақтығысында өмірін қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Ол біздің жүрегімізде, тарихымызда мәңгі сақталады!
Записаться на прием