Мектебіміздің директоры - Меңдігүл Олжабайқызы балаларға білім жолындағы алыс сапарда ашық күн, жеңістер мен білімге толы ұзақ жол тіледі. Ата-аналар да бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп, балғын шәкірттердің алғашқы жетістіктеріне қуанды.
Бұл күн – білім жолындағы алғашқы белестің жемісі. Оқушыларымызға оқуда үлкен табыс, жарқын болашақ тілейміз!





