Саумалкөл қазақ орта мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігіне орай М. Т. Жукенова 2-сыныптар арасында «Заманауи ұлттық ою-өрнек» тақырыбында ойын түріндегі қызықты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық ою-өрнектерін танып, олардың мағынасын түсінді. Сонымен қатар, заманауи стильде оюларды құрастырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл ойындар оқушылардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті.
КММ "Саумалкөл қазақ орта мектебі"




