Саумалкөл қазақ орта мектебінің әлеуметтік педагог А.Ж. Омарова 10-сынып оқушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Тақырып аясында пікірталас ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді, оқушылар өз ойларын ашық білдірді. Көпшілік оқушылар салауатты өмір салтын қолдайтындарын айтып, спортпен айналысу, дұрыс орта таңдау, бос уақытты тиімді пайдалану маңызды екенін атап өтті.
Сынып сағатының нәтижесінде оқушылар:
✓Нашақорлықтың зияны туралы толық мағлұмат алды;
✓Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінді;
✓Құқықтық сауаттылықтарын арттырды;
✓«Нашақорлыққа жол жоқ!» ұстанымын қолдайтындарын білдірді.
Все реакции:
3





